Президент • 01 Қазан, 2018

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына түсініктеме

429 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына түсініктеме

«Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын мақұлдау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына 

ТҮСІНІКТЕМЕ

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 19 мау­сымдағы №702 Жарлығымен  Түркістан қаласы Түркістан облысының әкімшілік орталығы болып жарияланды, бұл Түркістан қаласын түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту бойынша бас жоспардың тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) әзірлеуге негіз болды.

2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен қала өзінің 1500 жылдығын атап өтті.

2017 жылы Халықаралық түркі мәдениеті ұйымына (ТҮРКСОЙ) мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің 34-отырысында Түркістан түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылды. 

Тұжырымдаманың басты мақсаты  мәдени-тарихи және рухани мұраның сақталуын қамтамасыз ететін түркі әлемінің орталығы ретінде қаланы одан әрі дамытудың негізгі бағыттарын айқындау, сондай-ақ Түркістанды маңызды өңірлік даму орталығы етіп қалыптастыру болып табылады. 

Тұжырымдамада Түркістан қаласының халық­аралық, туристік және өңірлік тұрғыдан перспективалары айқындалды, қаланың әлеуметтік-эко­номикалық әлеуетін, оның аумағының перспек­тивада жоспарлы ұйымдастырылуын, қала құрылысы аймақтарына бөлінуін, ашық қоғам­дық кеңістіктердің, тарихи-тақырыптық парк­тің, экологиялық стандарттардың, тұрғын үй-ком­му­нал-

дық инфрақұрылымның жүйесін қалыптас­ты­руды қамтитын, тұрғын халық санының ұзақ мер­зімді кезеңге  болжамды ұлғаюын ескере отырып кешенді дамыту көзделген. 

Болашақта Түркістан қаласы әлемдік деңгейдегі туризм мен зиярат ету орталықтары сияқты әкімшілік-іскерлік, рухани, мәдени және туристік орталық ретінде қалыптасатын болады. 

Орталық Азияның аумағында Ұлы Жібек жо­лының туристік маршрутын жаңғырту экономикалық дамуға серпін береді. 

Түркістанда қаланың магистральдары маңындағы аудандарда қоғамдық орталықтар құру арқылы «полиорталық» жүйесі қамтамасыз етіледі. Әрбір ауданда қолайлы тұрғын үй жағдайлары және  жұмыс істеуге, білім алуға, демалуға тиісті мүмкіндіктер жасалады. 

Қаланың орнықты экономикалық дамуына жаңа бағыттарды енгізу жаңа кәсіпорындар мен өткізу нарықтарын кеңейтуге және құруға, халықтың әл-ауқаты мен табысын арттыруға септігін тигізеді.  

Тұжырымдамада қаланың көлік-транзиттік әлеуетін ұлғайту және  орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылымын нығайту жос­парланған.

Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімі